Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бір жасар сәбиді ұрған". Атырауда жекеменшік балабақшаға қатысты сұмдық дерек хабарланды

12:25, 08 тамыз 2026

Атыраудағы жекеменшік балабақшалардың бірінде бір жасар сәби тәрбиешінің соққысына ұшыраған. Баланың денесіндегі көгерген іздерді алғаш болып әжесі байқап, құқық қорғау органдарына шағымдануды талап еткен, деп хабарлайды Alash.kz.

Баланың әжесі Әлфия Жолдасова бейнебақылау камераларындағы кадрларды көріп, қатты шошынғанын айтты. Оның сөзінше, жарақаттар дер кезінде байқалмағанда, тәрбиеші бұл әрекетін жалғастыра беруі мүмкін еді. Осыған байланысты отбасы істің соңына дейін жеткізілуін талап етіп отыр.

Зардап шеккен сәбидің ата-анасы заң алдында тәрбиешімен қатар, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмаған балабақша басшылығы да жауап беруі керек деп есептейді.

Анықталғандай, тәрбиеші бұған дейін де заң алдында жауапкершілікке тартылған. Алайда үш ай бұрын ғана ашылып, 24 бала қабылдаған балабақша директоры Нағима Аманқосова бұл туралы білмегенін мәлімдеді.

Балабақша басшылығы жұмысқа қабылдау кезінде бірқатар қателік кеткенін мойындады. Атап айтқанда, тәрбиеші мекемеде небәрі екі ай жұмыс істеген. Сонымен қатар ол сотталмағанын растайтын 2025 жылғы ескі анықтама ұсынған.

Басшылық құжаттың берілген уақытын тексерместен, қызметкерді жұмысқа қабылдаған. Қазір оқиғаға қатысты мән-жайлар анықталып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар