Бали аралдарында саяхаттап жүрген әншілер жерлестеріне ақыл айтып, шетелдіктерді үлгі етті, деп хабарлайды Alash.KZ порталы.
Әншілер ел азаматтарының шыдамсыздығы мен қызбалығын сынға алды:
Біз бір-бірімізді жеп қоюға дайын тұрамыз ғой. Біреудің алдын қиып кетсең, ерінбей жетіп алып, ұрысып, ол да алдыңды қияды. Сабырлық деген бізде мүлде жоқ боп бара жатыр. Жол жүру этикасы деген бар еді бұрынғы жылдары, қазір одан мүлде алыстап кеткен секілдіміз. Төбелеске дейін барады. Ұрып, жығып, өзінің дұрысын дәлелдегісі келетіндер қаншама… Күлімдеп қарасаң, сені ақымақ көреді басқалар. Ұяттық нәрселер көп енді. Өзімізді өзіміз түземесек, ұят болады-ау! — деді Бүркіт пен Аиша қазақ халқында жолдаған үндеуінде.