Мәжіліс депутаты Абзал Құспан қазіргі қоғамда билік өкілдерін сынау танымал бағытқа айналғанына тоқталды, деп жазады Alash.kz.
Оның пайымдауы бойынша, кез келген деңгейдегі шенеуніктер мен мемлекеттік орган қызметкерлеріне қатысты негативті пікір білдіру қазіргі уақытта ерекше сұранысқа ие болып отыр.
Депутат Ulysmedia YouTube-арнасына берген сұқбатында бүгінгі саяси және қоғамдық коммуникацияның ерекшеліктеріне тоқталып, мемлекеттік қызметшілерге қатысты көзқарастың өзгергенін тілге тиек етті. Ол биліктің атқарып жатқан жұмысына қарамастан, оны сынау әрекеті әлеуметтік желілер мен БАҚ кеңістігінде негізгі тренд ретінде қалыптасқанын жеткізді.
Абзал Құспан бұл құбылысты келесідей сипаттады:
«Билікті сынау қазір тренд. Ол депутат бола ма, әкім бола ма, президент бола ма – жалпы билікті сынау трендте. Мақтауға болмайды».