Бұдан былай айыппұлды ерте төлегенде берілетін 50 пайыз жеңілдік алынып тасталуы мүмкін, деп жазады Alash.KZ.
Сенаттың жалпы отырысында депутаттар кейбір жүргізушілер үшін жол қозғалысы ережесін бұзатын айыппұлдар бойынша 50 пайыздық жеңілдікті алып тастауды ұсынды.
Бүгін бұрынғы ішкі істер министрінің орынбасары, қазіргі сенатор Марат Қожаев премьер-министр Олжас Бектеновқа жол қозғалысы ережелерін бұзушыларға қатысты жазаны күшейту туралы сауал жолдады.
2024 жылы Алматыда 4,2 миллионнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайы тіркелген. Бұзушылықтардың негізгі бөлігі (3,7 миллионнан астамы) автоматтандырылған техникалық құралдар арқылы анықталған. Алматыда көлік құралының бір жүргізушісі бір жылда үш миллион теңгеден астам сома айыппұл төлеп, 143 бұзушылық жасаған жағдай тіркелген,
- дейді Марат Қожаев.
Ол техникалық құралдар тіркеген ереже бұзу дерегі бойынша жүргізушілердің жауапкершілігін күшейту мәселесін қарауды ұсынамыз деп айтты.
ӘҚБтК-дегі өзгерістерде техникалық құралдар тіркеген 10 және одан да көп