Байқоңырдағы балабақшадағы сәбилер де мерекеге ерекше дайындалған, деп хабарлайды Alash.kz.
Қаладағы «Теремок» балабақшасында «Бессмертный полк» іс-шарасы өткен. Оған балалармен қатар ата-аналар, тәрбиешілер қатысып, барлығы ғимарат ауласында сап түзеп жүрген.
Қала билігі 9 мамырда Ленин алаңында Жеңіс шеруін өткізеді.
Еске салсақ, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің ресми сайтында мамыр мерекесіне арналған шаралар тізімі жарияланған. Бұл тізімде 9 мамырда сағат 10:00-де қаладағы Ленин алаңында Жеңіс шеруі өтетіні жазылған.