Астанада 5 жастағы баланың бетін тілген жасөспірім қазір қайда? Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Астанада 5 жастағы баланың бетін тілген психикалық денсаулығы нашар жасөспірімнің қайда екенін айтты, деп жазады Alash.KZ.
Динара Закиева жасөспірімнің тергеу изоляторында емес, Астанадағы психологиялық орталықтардың бірінде екенін айтты.
“Кеше аймақтық комиссармен бірге жәбірленуші балаға барып, жағдайын білдік. Баланың жағдайы тұрақты, барлық қажетті көмек көрсетілуде. Сондай-ақ, Астана бойынша өңірлік уәкіл А. Т. Бимендина баланың анасымен үнемі байланысты. Ал шабуыл жасаған бала денсаулық сақтау жүйесінің мекемесіне орналастырылды. Баланың анасы жауапкершілікке тартылды”, - деді бала құқықтары жөніндегі уәкіл.