Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бес адамның өмірін қиған»: Петропавлдағы сұмдық апат туралы жаңа дерек мәлім болды (ФОТО)

13:23, 11 ақпан 2026

Петропавл қаласында бес адамның өмірін қиған ірі жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс жүргізу ресми түрде аяқталды, деп жазады Alash.kz. 

Сот шешімімен қылмыстық іс тоқтатылды, бұған апатқа кінәлі деп танылған тұлғаның оқиға орнында қаза табуы негіз болды. Қайғылы оқиға 2025 жылдың 5 маусымында қаланың айналма жолында орын алған. Тергеу барысында анықталғандай, Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі Александр Куц мас күйінде көлікті басқарған. Сараптама қорытындысына сәйкес, ол сағатына 75 шақырым жылдамдықпен келе жатып, қарсы бағытқа шығып кеткен және жүк тиелген «ГАЗель» автокөлігімен соқтығысқан. Соққының қатты болғаны соншалық, екі көлік те бірден өртеніп кеткен.

Жол апаты салдарынан төрт адам, атап айтқанда, екі көліктің де жүргізушілері мен «ГАЗель» автокөлігінде болған екі жолаушы, соның ішінде жеті жасар бала оқиға орнында мерт болды. Кейінірек ауруханаға жеткізілген тағы бір зардап шегуші алған жарақаттарынан қайтыс болды. Оқиғадан тек бір жолаушы ғана аман қалып, қазіргі уақытта денсаулығын қалпына келтіруде.

Mercedes-Benz жүргізушісінің әкесі сотқа айыпталушының қайтыс болуына байланысты істі тоқтату туралы өтініш түсірген болатын. Сот бұл өтінішті қанағаттандырып, тиісті қаулы шығарды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар