Ведомствоның мәліметінше, Украинамен шекараға Қарулы күштердің механикаландырылған бригадаларының бірінің танктері тасымалданып жатыр.
Механикаландырылған құрамалардың бірінің бөлімшелері өздеріне жүктелген тапсырмаларды орындауға дайын. Әскери қызметкерлер теміржол көлігіне әскери техниканы тиеп, белгіленген аймақтарға біріктірілген тәсілмен шеруге кірісті, - делінген Беларусь Қорғаныс министрлігінің Telegram-дағы арнасында.
Сондай-ақ ведомство теміржол платформаларындағы танктердің фотосуреттерін және техниканың тиеліп жатқаны бейнеленген видеоны жариялады. Ал бір күн бұрын Беларусь Қарулы күштерінің бас қолбасшысына кез келген ықтимал арандатушылықтарға жауап беру үшін Гомельск және Мозырск тактикалық бағыттарына әскерді топтастыруды күшейту туралы тапсырма берілген.