Бүгін Ослода Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының иегері жарияланады, деп хабарлайды Аlash.kz ұлттық порталы The Daily Telegraph басылымына сілтеме жасап.
Биыл марапатқа 338 адам мен ұйым үміткер болып отыр. Сол тізімде АҚШ-тың президенті Дональд Трамптың есімі де бар. Сарапшылардың бағалауынша, Трамптың бұл сыйлықты алу ықтималдығы 5–10 пайыз аралығында.
Бұған дейін Трамп бірнеше рет бейбітшілік орнатуға қосқан үлесін ерекше атап өтіп, Нобель сыйлығына лайық екенін мәлімдеген болатын.
Кейбір шетелдік басылымдар Трамп марапаттан тыс қалса, Норвегияға қарсы экономикалық тарифтер енгізуі мүмкін деген болжам жасады.