Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Базарға барып саудаласамын, дастарханға 120 000 теңге жұмсаймын". Министр базарға жиі баратынын айтты

"Базарға барып саудаласамын, дастарханға 120 000 теңге жұмсаймын". Министр базарға жиі баратынын айтты

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Жаңа жылдық дастарханның басты тағамы – отбасында асылған ет екенін хабарлады. Оның айтуынша, мерекелік кешкі асқа жұмсалатын шығын шамамен 100–120 мың теңге құрайды, деп жазады Alash.kz Stan.kz порталына сілтеп.

«Басты тағам – асылған ет. Ақшаны әйелім жұмсайды. Мен Сауда министрі ретінде базарға жиі барып саудаласамын, бұл қалыпты жағдай», – деді министр Мәжіліс кулуарында.

Журналистер министрден сатушыларға жеңілдік жасай ма деп сұрады. Арман Шаққалиев:

«Әрине. Аздап жеңілдіктер бар, азы 5 мың теңгеден, көп болса 10 мың теңгеден жасалады. Барлығы тауар сапасына байланысты. Бірақ тұрақты клиент ретінде кей жерде есептелген соманы дөңгелектеп, азайтып береді», – деді.

Министрдің айтуынша, ведомствоның есептеуіне сәйкес, қазақстандықтар Жаңа жылдық дастарханға орташа есеппен 73 мың теңге жұмсайды. Ал оның отбасында шығын сәл жоғары – 100–120 мың теңге.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар