Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Байден ең үлкен санкция салғалы жатыр". АҚШ Ресей үшін биржаны бұғаттайды

16:14, 08 наурыз 2024 333

Инвестор, экономист Түсіп Нүкенов ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың өлімінен кейін АҚШ президенті Ресейге қарсы ең үлкен санкциялардың бірін салғалы жатқанын айтты. Оның Қазақстанға әсері жөнінде ойын білдірді, деп хабарлайды alash.kz.

Ресейдің Украинаға қарсы соғысының Қазақстан экономикасына әсері жайлы сөз қозғаған экономист 2022 жылдан кейін Қазақстанға біршама компания көшіп келгенін айтады. Ішінде "Индрайвер", "Полиметалл" секілді компанияларды атап өтеді. 

«Себебі ол компаниялар Ресейде ештеңе істей алмайды. Доллармен сауда жасай алмайды. Еш нәрсе ала алмайды. Соның арқасында бізге пайда түсті. Бірақ Ресейде жағдай қазір қиындау. Қателеспесем, таяуда Байден ең үлкен санкция салғалы жатыр. Ол салынса, не болатыны түсініксіз. Навальный өлгеннен кейін Байден үлкен мәлімдемемен шығатынын айтты ғой. Меніңше, ол мүлде Ресей үшін биржаны бұғаттағалы отыр. Мәскеу және Санкт-Петербургтегі биржа жабылуы мүмкін, – дейді инвестор «Дөп сөз» ютуб-арнасында.

«Оның Қазақстанға қандай әсері бар?» деген сұраққа Нүкенов егер сатып алу-сату биржасында доллар болмаса, ресейліктер долларды ауыстыра алмайды. "Газпром", "Лукойл" компанияларында табыс қазір доллармен түсіп жатыр. 

«Олар доллар үшін ақыры бізге немесе Қытайға барады. Юань немесе теңгемен. Яғни, бізге ликвидность келеді. Доллар бағамы қымбаттайды. Стандартты ставка 10-15 пайыз болса, кеше 200 пайызға кетіп қалды», – дейді ол.

Инвестор контрагенттер Байден санкция салса, долларды Ресейге үлкен пайызбен сататынын айтады. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар