Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бауырлас елдің Түркістанға тартуы: Қазақстан мен Өзбекстан басшылары жаңа мешітті аралап көрді

13:09, 15 мамыр 2026

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бауырластық байланыс және рухани ынтымақтастық нышаны ретінде Түркістанда бой көтерген мешітпен танысты, деп хабарлайды Alash.kz Ақорданың ресми баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құлшылық үйінің орталық залында Құран оқылды. Мешіт Өзбекстан Президентінің Түркістан тұрғындары мен барша қазақстандықтарға тартуы ретінде салынған.

Ғимаратта дәстүрлі ислам элементтері заманауи құрылыс технологияларымен үйлесім тапқан. Қасбеті мен ішкі аумағы ұлттық ою-өрнекпен және мұсылман каллиграфиясымен безендірілген. Мұнаралардың биіктігі – 61 метр.
Ғибадат орны жаңа инженерлік желілермен жабдықталған. Сондай-ақ абаттандырылған аумақта жарықтандыру жүйелері, демалыс аймақтары, субұрқақтар бар.

 

t.me/aqorda_resmi

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар