Еңбек вице-министрі Виктория Шегайдың айтуынша, бұл отбасы көпбалалы отбасы ретінде және 1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы алып келген, деп жазады Alash.KZ.
Жалпы алғанда 134 мың теңге көлемінде жәрдемақы алған.
Сондай-ақ вице-министр жапа шеккен отбасының отағасы жұмыс істегенін айтты.
«Балалардың әкесі жұмыс істеген, оның жалақысы шамамен 190 мың теңге болған. Жалпы алғанда бұл отбасындағы жан басына шаққандағы табыс көлемі 47 мың теңге болған. Отбасы жергілікті атқарушы органдарға көмек сұрап жүгінбеген», - деді ол.