Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Батырды іздейміз": Суға кеткен баланы құтқарған жігіт кім?

13:48, 28 қазан 2024 160

Әлеуметтік желіде пайда болған видеоға қарағанда, бұл оқиға Алматыдағы Есентай өзенінде болған көрінеді.

Ер адам суға құлап кеткен баланың көмектесіңізші деген даусын естіп, ойланбастан суға секіреді. Жігіт үстіндегі киімдерін, сөмкесін, тіпті көзілдірігін де шешпестен суға түсіп кеткен.

Видеодан баланың «Көмектесіңізші! “Рақмет, аға!» деген сөздерін ғана естуге болады.

 

Әлеуметтік желіде баланы құтқарған жігіт туралы "Бүгінгі күннің батыры" деген мадақ жазылып жатыр. Тағы біреулер "Егер баланы құтқарған жігітті танысаңыздар комментарийге парақшасын белгілеп кетіңіздер" деп жазды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?