Салтанат Нүкенованы аса айуандықпен өлтірді деген күдікке ілінген Қуандық Бишімбаевтың сот отырысы әлі де жалғасып жатыр. Кешегі сот барысында оның ұялы телефоны тексеріліп, Нүкенованы қорлап, "Баталовпен төсектес болдың ба?" деген сұраққа жауап беруін сұраған видеосы қаралды.
Кәсіпкер Райымбек Баталов өз инстаграм парақшасында жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.
Баталов соңғы уақытқа дейін "Бишімбаевтың соты" тақырыбына түсініктеме бергісі келмегенін, алайда өз атына кір келіп жатқандықтан мәлімдеме жасауға мәжбүр екенін баяндады.
«Ауыр қылмыс жасады деп айыпталған Бишімбаевтың мен туралы бөсіп сөйлеген сөздері ақымақтық екенін айтқым келеді. БАҚ өкілдері мен блогерлерді жалған ақпарат таратпауға шақырамын. Қайғыға душар болған Нүкеновтер отбасына қайғыра көңіл айтамын», - деді Баталов.