"Даму" қорының тәуелсіз директоры қызметінен Райымбек Баталов шығарылды. Оның орнына директорлар кеңесіне Қанат Шарлапаев келді.
KASE-де жарияланған құжатқа сүйенсек, қордың директорлар кеңесі құрамына Серік Жұманғарин, Рустам Қарағойшин, Әлия Мурзағалиева, Қанат Шарлапаев, Алина Алдамберген, Ғалым Хусаинов және Фархат Сәрсекеев енеді.
Айта кетейік, 2022 жылдан бері "Атамекен" ҰКП президиумының төрағасы қызметін Райымбек Баталов атқарып келген еді.
Жуырда оның орнына Қанат Шарлапаев тағайындалды.