Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Басынан дау арылмаған Қазақфильм". Киностудияның барлық нысаны мемлекет меншігінде қалады деп хабарланды

18:18, 04 қазан 2025 73

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қазақфильм» киностудиясының барлық негізгі өндірістік нысандары мемлекет меншігінде қалатынын ресми түрде мәлімдеді, деп жазды Alash.kz ұлттық порталы.

Министрліктің мәліметіне қарағанда, мәлімдемеде «Қазақфильмнің» меншігіндегі ғимаратты сату туралы ресми дерек жоқ.

«Әр азамат пікір білдіруге құқылы. Бірақ жалған ақпарат тарату ҚР заңнамасына қайшы келеді және Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес қатаң жауапкершілік қарастырылған.

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде, оның ішінде Ерлан Төлеутай мырзаның жазбаларында да расталмаған және шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратылып жатыр. Бұл қоғамда мемлекеттік органдарға деген сенімсіздікке әкелуі мүмкін. Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамыз», - делінген хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар