Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Басынан ауыр жарақат алып, есінен танған: Ақтауда мектеп оқушысы сұмдық жағдайға тап болды

09:46, 20 мамыр 2025 196

Қорқынышты ойын кезінде жетінші сынып оқушысы есінен танып, басынан ауыр жарақат алды, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Оқиға 18 мамыр күні кешке Ақтау қаласындағы 32В ықшамауданындағы балалар алаңында болған.

12 жастағы бала есінен танып, жерге құлап, басымен соғылған. Осыдан кейін денесінде тырыспалар пайда болған.

Куәгерлердің айтуынша, жедел-жәрдем шақырылғанымен, оқиға орнына тек жарты сағаттан кейін келген.

Жарақат алған оқушы шұғыл түрде Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген.

Қабылдау бөлімінде 2012 жылы туған жасөспірімнің жеткізілгенін растады.

Ол «жабық бас-ми жарақаты, ми шайқалуы» диагнозымен травматология бөліміне жатқызылған.

Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы тұрақты, ол тиісті медициналық хаттамаға сай ем қабылдап жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар