Атырауда студент қызды қатарласы аяусыз ұрып-соққан, деп жазады Alash.KZ.
Желіде тараған видеодан бір қыздың екіншісін жерге жатқызып алып, ұрып жатқанын көруге болады.
Төбелесті тағы бір қыз видеоға түсіріп тұрған.
Полицияның хабарлауынша, жанжал колледж студенттері арасында болған. Ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.
Полицияның хабарлауынша, төбелеске қатысқан қыздардың бәрі есепке қойылады, ата-аналары жауапқа тартылады.
«Төбелесті видеоға түсіріп, оны таратқан, бірақ полицияға хабар бермеген жасөспірімге де құқықтық баға беріледі», - деп атап өтті полициядағылар.