Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Басымнан не өтпеді, екі жаққа кеттік": Жігер Ауыпбаев алғаш рет жеке өмірі туралы сыр шертті

15:08, 17 қараша 2024 2033

Белгілі әнші Жігер Ауыпбаев «1001 түн» бағдарламасына берген сұхбатында жеке өмірі жайлы сөз қозғап, ешкімге айтпаған жан сырын ақтарды. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы жазады.

«Менің басымнан не өтпеді. Біраз нәрсе өтті. Негізі отбасылы болғанмын. Бірақ уақыт өте келе мінезіміз, мүмкін көңіліміз де жараспай, екі жаққа кеткен болатынбыз. Одан кейін көңілді де алдау үшін іздейсің ғой. «Адамға да адам керек» демекші, қасыңнан табылатын, ішкі жан дүниеңді түсінетін, сөзімен қуаттап отыратын адам керек. Күйзеліске түсіп кетпеудің жолын іздеп, сондай кезеңдерде танысып, табысып, сөйлесіп жүрген кездерім болған. Әлі де табылмай жатыр», – деді әнші.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар