Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Бас сүйектің сынуы, ми шайқалуы” - Науқастан таяқ жеген хирургтың жағдайы елді есеңгіретті

16:49, 18 шілде 2025 146

Қостанай облыстық ауруханасында науқас хирург-дәрігерді соққыға жықты. Салдарынан ақ халатты жансақтау бөліміне түскен, деп хабарлайды Alash.kz.

Күрделі ота аяқталған соң хирург-уролог Антон Кистанов қабылдау бөліміне түсіп, кезек бойынша басқа науқастарды қарауға кіріскен.

Кезекте үшінші тұрған пациент агрессиялық әрекетке барып, дәрігерге жұдырық жұмсаған.  Соққыдан кейін хирург есінен танып қалған. Қазір ол жансақтау бөлімінде ауыр хәлде жатыр.

Жәбірленушінің бас-миы қатты зақымданып, оң жақтан субдуралды қан кету анықталған. Сонымен қатар, маңдай бөлігінің алдыңғы жағында соғылған ошақтар және шүйде сүйегінің жабық, ұзынша сызықты сынуы тіркелді.

Қазір дәрігерге қол жұмсаған азамат тұтқындалды. Аталған жайт Денсаулық Сақтау министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің қатаң бақылауында.

Айта кету керек, 34 жасар Антон Кистанов Қостанай облыстық ауруханасында 6 жылдан бері қалтқысыз қызмет етіп келеді. Дәрігердің келіншегі, жаңа туған нәрестесі бар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар