Абай облысының Семей қаласында жасөспірімдер арасында өткізілген әлдебір жарыстың жүлдесі туралы әлеуметтік желіде бейнесюжет жарияланды, деп хабарлайды Alash.KZ.
Аталмыш видеода палуандарды марапаттау сәті көрсетіледі.
Қызық болғанда, мінберге көтерілген чемпиондарға берілген жүлде қоры адамның ақылына сыймайды. Нақтырақ айтқанда, 3-орынға 2 мың теңге, 2-орынға 3 мың теңге, Ал 1-орынға берген жүлденің көлемі не бары 5 мың теңге ғана.
Жарыс туралы желідегі оқырмандар әртүрлі пікір жазып жатыр. Мысалы, бір оқырман бұл жарыстың қоры 500 мың теңге депті. Сонда қалған ақша қайда жұмсалғаны түсініксіз.
Ал тағы бір оқырман "Адамды осыншама қорлауға бола ма? Осы үш бала бір газел жүк түсірсе, бұдан көп табар еді ғой" деп жазыпты.
Келесі оқырман "10 мың теңгем бар еді,мен де бір жарыс өткізіп жіберсем болады екен ғой. Мыналарда ұят бар ма?" деп жазыпты. Оқырмандардың көбі 10 мың теңгелік жүлде тігілген аталмыш жарысты "Жастардың сағын сындыру, Қазақстан спортындағы жемқорлықтың ашық көрінісі" деп бағалапты. Айтпақшы, ғаламтордағы бағаларға қарағанда Семейде үш сертификаттың құны 3 мыңгеге шығуы мүмкін.