«Қайрат» футбол клубы жаңартылған бапкерлер штабын таныстырды, деп хабарлайды Alash.kz.
Футбол клубының мәліметінше, Жора Арутюнян — бас бапкердің міндетін атқарушы. 2013 жылдан бері клуб құрылымында істейді. 2024 жылдан бастап «Қайрат-Жастарды» жаттықтырып, биыл онымен бірге Бірінші лиганың күміс жүлдесін жеңіп алды. Сондай-ақ УЕФА Жасөспірімдер лигасында «Қайрат» U-19 командасын жаттықтырды.
Тимур Касымов — бас бапкердің көмекшісі. Академияда және «Қайрат-Жастарда» жұмыс істеген. 2026 жылғы сәуірден бастап Қазақстан U-19 құрамасының аға бапкері қызметін атқарады.
Владимир Плотников — бас бапкердің көмекшісі. Бұрын «Қайрат» қақпашысы болған. Команда сапында 114 матч өткізген. Осы маусымда «Қайрат» U-18 командасының бапкерлер штабына кірді.
Алексей Анкудинов — талдаушы бапкер. Бұған дейін Академияда және «Қайрат-Жастардың» бапкерлер штабында жұмыс істеген.
Қақпашылар бапкері Илья Юров пен дене дайындығы жөніндегі бапкер Артём Савельев негізгі командада жұмыс істей береді.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Қайрат» бас бапкері Рафаэль Уразбахтиннің өз еркімен қызметтен кеткені туралы жазған едік.