Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Барып бәрін тазартқымыз келеді. Билікке қоятын өз үміткерлеріміз бар". Трамп Вашингтонда Иранды билейтін "өз адамдары" бар екенін айтты

15:25, 07 наурыз 2026

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран басшылығының толық өзгеруін қолдайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол NBC News телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Аlash.kz.

Трамптың сөзінше, Вашингтонда Иранды басқаруға лайық “жақсы көшбасшы” бола алатын бірнеше үміткер бар.

Ол:

“Барып бәрін тазартқымыз келеді... Оларда жақсы көшбасшы болғанын қалаймыз. Бізде бұл жұмысты жақсы орындайтын бірнеше адам бар”, – деді.

Алайда Дональд Трамп бұл үміткерлердің нақты кім екенін атаудан бас тартты.

Бұл мәлімдеме АҚШ-тың Ирандағы саяси жағдайға қатысты ұстанымы туралы пікірталасты күшейтті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар