Әнші Аша Матай әлеуметтік желіде жазба жариялап, "барлығынан шаршап, қашып кеткісі" келетінін айтты, деп хабарлайды Alash.kz.
Әнші оқырманға сыр ашып, қажитын, шаршайтын шақтарым болады деп айтты:
«Кейде бәрінен шаршап, қашып кеткің келеді, бірақ дәл сол сәтте күннің нұры, жақсы сөз немесе бір күлімсіреу бәрін өзгерте алады. Әлемде әрдайым жарық бар — тек соған көңіл бөлсең жеткілікті. Жақсылықты көре біл — жүрегің де, өмірің де нұрланады», - деп жазды Аша Матай.
Кейбір желі қолданушылары қолдау білдірсе, кейбірі неге шаршайтынын түсінбейтінін айтқан:
«Сіздер неден шаршайсыздар осы?», «Шаршауға болмайды, қызым. Ашатай, мықтысың», «Сұлу, сымбатты Аша!», «Қылығың маған ұнайды» деп жазды олар.