Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов Шымкент сыра зауытының қызметкерлеріне 50 пәтерді сыйға тартты, деп жазады Alash.kz.
Кәсіпкер Шымкент сыра зауытының 50 жылдығына орай осы зауытта елу жылға жуық жұмыс істеген елу қызметкерге су жаңа пәтерден сыйлады.
«Менің бір кездері кәсібімді тартып алғанда 200 мың теңге айлыққа өмір сүрдім. Сүт пен нанға ақшамды санап жүретін едім. Ол кезде мен ипотекаға алынған пәтерде тұрдым, ай сайынғы төлемді төлей алмасам пәтерімді тартып алады деп қорқатын едім. Сол кездері егер бизнесімді қайтып алсам барлығына көмектесемін деп өз-өзіме сөз беріп едім. Ол қиын қыстау кезеңдерде ертеңіме деген сенім болмаған еді. Сіздердің ертеңге деген сенімдеріңіз болсын деп осы елу пәтерді сыйлағым келеді», – деді Тұрсын Алагөзов.