«Ресей мемлекеттілігінің негіздері» пәні елдегі барлық жоғары оқу орындарында міндетті болады
Ресейдің ғылым және жоғары білім министрі Валерий Фальковтың мәлімдеуінше, «Ресей мемлекеттілігінің негіздері» пәні елдегі барлық жоғары оқу орындарының студенттері үшін міндетті оқу пәніне айналады.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, аталған пәнмен қатар орыс тілі, философия және Ресей тарихы да барлық мамандық студенттері үшін міндетті түрде оқытылады.
Министрдің айтуынша, бұл пәндер студенттің болашақ мамандығына, оқу формасына немесе білім деңгейіне қарамастан, барлығына бірдей оқытылады.
Жаңа талап Ресейдегі жоғары білім беру жүйесінде бірыңғай идеологиялық және гуманитарлық дайындықты күшейтуге бағытталған.