Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"...Бәрі тоқтап қалғандай болды". әнші Қарақат Әбілдина басынан өткен ерекше жағдай туралы айтты

17:00, 03 мамыр 2026

Белгілі әнші Қарақат Әбілдина кезекті концертінде болған ерекше сәт туралы айтып, әсерлі жазба жариялады, деп жазды  Alash.kz.

Өнер иесінің айтуынша, концерт барысында залда отырған көрермендердің бірінен «Сізбен бірге ән айтқым келеді» деген хат келген. Әнші оны сахнаға шақырғанда, көрерменнің мүмкіндігі шектеулі жан екенін байқаған.

Қарақат Әбілдинаның сөзінше, ол адамның жүрегі мейірімге толы болған және әншінің барлық әндерін жатқа білетін болып шыққан.

Өнер иесі оның тілегін орындап, екеуі бірге «Асыл әжем» әнін орындаған. Әншінің айтуынша, сол сәтте сахна да, зал да бір сәтке тоқтап қалғандай әсер қалдырған.

«Егер бір жүрекке жылулық сыйлай алсам — мен үшін ең үлкен бақыт сол. Алла разы болсын!» деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар