АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Әзербайжан басшысы Ильхам Алиевті өз дүкеніне шақырып, сөрелерді аралатып қана қоймай, оған екі арнайы сувенирді өзі таңдап берді, деп мәлімдейді Alash.kz.
Күтпеген сәтте Трамп қолына «2028» жазуы бар кепка алып:
- Барлығы менің қайтадан сайлауға түскенімді қалайды, - деді.
Алиев болса саспай:
- Бізде соны қалаймыз! - деп жауап беріп, айналасындағыларды күлкіге қарық қылды.
Кеше өткен үшжақты кездесу кезінде де Трамп әзілін жалғастырып, Әзербайжан президентінің 22 жыл бойы билікте отырғанын мақтанышпен атап, оны “қатал әрі ақылды” деп сипаттады.