Моңғолия мектептерінің көбі биыл жаңа оқу жылынан бастап шет тілі пәні ретінде ағылшын тілін оқытуға көшеді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Азаттық радиосына сілтеме жасап.
Моңғолия білім министрі Пурэвсурэнгийн Наранбаяр тиісті шешім қабылдағанын айтты. Оның сөзінше, мектептерде ағылшын тілін негізгі шет тілі ретінде үшінші сыныптан бастап оқыту көзделген. Жаңа оқу жылында 100 мектепте тест режимінде Pearson English бағдарламасы іске қосылып, онлайн және оффлайн оқытылмақ.
Моңғолия ағылшын тілі пәні мұғалімдерін шетелде – ең алдымен Филиппиндегі магистратурада дайындауды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, биыл тамыздың басында Моңғолияға сапармен барған кезде АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен сол елдің астанасы Ұланбатырда АҚШ-тың қолдауымен ағылшын тілі орталығы ашылады деп уәде еткен.
Моңғолия мектептерінде орыс тілі негізгі шет тілі пәні ретінде Совет одағы кезінде енгізілген. Мектептердің басым көпшілігінде орыс тілі жалғыз шет тілі пәні болатын.
2023 жылы Моңғолия парламенті қабылдаған заң бойынша, елдегі мектептерде негізгі шет тілі пәні ретінде ағылшын тілі бекітілген.
Бәрекелді: Моңғолия Совет кезінен бекітілген орыс тілі туралы заңға үлкен өзгеріс енгізді. Қандай?
Астанадағы балабақшада ерекше балаға қол көтерілді: полиция қылмыстық іс қозғады
18:54, 13 қараша 2026
«Желіде жас сарбаздың талып қалған видеосы тарады»: Құзырлы органдар мәлімдеме жасады
17:14, 13 қараша 2026
«445,6 мың адам»: Қазақстанда жұмыссыз жүргендер кімдер? Жаңа статистика жарияланды
16:53, 13 қараша 2026
Қуанышты хабар: Қазақстандық боксшылар World Boxing әлемдік рейтингінде көш бастады
16:05, 13 қараша 2026
«Сыбайлас жемқорлыққа батқан ниеті теріс кісілер – біздің қас жауымыз» – Президент
15:13, 13 қараша 2026
«Ифтар, сухур, ухти, ахи»: ҚМДБ діни сөздерді орынсыз қолдануға қатысты үндеу жасады
14:26, 13 қараша 2026