Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

БАҚ: Үндістандағы жеке клиникада 50 жастағы қазақстандық науқас зорланды

15:25, 17 шілде 2024 833

Үндістандық 25 жастағы санитардың 50 жастағы қазақстандық әйелге жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны хабарланды. Бұл жайлы Times of India басылымы жазды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Tengrinews.kz порталы Үндістан басылым мәліметтерін алға тартады. Үндістанның Гургаон қаласының аудандық прокуроры Artemis жеке клиникасында болған қазақстандық әйелді зорлау оқиғасынан кейін тергеу жүргізуді тапсырған.

Тхакур Сингх есімімен танылған айыпталушының Раджастандағы Тиджар аймағының тумасы екені және соңғы бір жыл көлемінде ауруханада санитар болып жұмыс істегені хабарланды.

Полиция науқастың Үндістанға қызымен бірге 12 шілдеде келгенін хабарлады. Оған жексенбі күні ота жасалып, кейін бөлмеге ауыстырылған. Айыпталушы әйелге жаялығын ауыстырып жатқанда қол тигізгенін айтқан.

Бірақ сол күні қазақстандық науқасқа бірнеше рет жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткені айтылды. Бұл туралы әйел қызына хабарлаған, ол жағдайды аурухана басшылығына хабарлап, полицияға хабарласқан.

Науқастың қызының арызы негізінде сол күні зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 15 шілде күні Тхакур Сингх тұтқындалып, қамауға алынған. Комиссардың орынбасары Нишант Кумар Ядав мұндай сорақы жағдайдың аурухана тарапынан кеткен қателік пен енжарлықтан болғанын айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар