Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Әлішер Ерғали Париж Олимпиадасының ширек финалында жеңілді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
Olympic.kz порталының хабарлауынша, 97 келіге дейінгі салмақта белдескен ол әлем және Азия чемпионы, бахрейндік Ахмед Тажудиновке есе жіберді.
Есеп: 2:14.
Әлішердің Олимпиадада күресу мүмкіндігі әлі сақталуда. Егер Тажудинов финалға шықса, қазақстандық балуан жұбаныш белдесуіне қатысады.