Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Балқаштағы алаңда түйе ойқастап, алдындағы ер адамды тапап, үстіне шөге жаздады

20:49, 22 наурыз 2025 2219

Наурыз мерекесін тойлау кезінде тұрғын қаза таба жаздады. Балқаш қаласының орталық алаңында түйе текіректеп, арбаға жегіліп тұрған кезінде шаба жөнелген. Жетекші жануарды тоқтатуға тырысқан, бірақ шамасы жетпеген. Осылайша түйе ер адамды құлатып, таптап кете жаздаған, деп хабарлайды  Alash.kz.

Қала әкімдігі Мәдениет сарайының жанында болған оқиға жайлы мәлімдеді.

"Түйемен серуендеуге жергілікті атқарушы органдардың тиісті рұқсат құжаттарынсыз ұйымдастырылған. Ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау және бағу ережелерін бұзу салдарынан түйе агрессия көрсеткен", – деп мәлімдеді әкімдік баспасөз қызметі.

Полиция жануар иесіне қатысты "Көріктендіру ережелерін бұзу" және "Мал жаю қағидаларын бұзу" баптары бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Әкімдік ер адамның медициналық көмекке жүгінбегенін атап өтті.

"Осындай ойын-сауық ұйымдастырушыларының назарын аударамыз: жануарларды пайдалану бойынша қызметтер заң талаптарына сәйкес келуі және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс", – деп ескертті жергілікті билік.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар