Оқиға Балқаш қаласының Қараменде би көшесіндегі №10 үйдің бесінші подъезінде болған, деп жазады Alash.KZ.
Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл подъезд 2025 жылы-ақ техникалық қорытындыға сәйкес апатты деп танылған, сондықтан онда тұрғындар болмаған.
Инженерлік желілер алдын ала ажыратылып, аумақ қоршалып, бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынған.
Қазір апатты подъезд бұзылып жатыр. Жұмыстар аяқталғаннан кейін мамандар ғимараттың қалған төрт подъезіне қосымша сараптама жүргізіп, құрылымдарды күшейтуге арналған құжаттаманы әзірлейді.