Қазақстанда зейнеткерлердің несиесін кешіру ұсынылды, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұл туралы тақырыпты депутат Қайрат Балабиев қозғады.
- Ал, енді зейнетақы қорынан қомақты қаржыны алып, ел игілігі үшін пайдаланып жатқандықтан, зейнетақыны «кіріс көзі» деп санау – ұят емес пе? Қазақ «атаңа не істесең, алдыңа сол келеді» деген ұрпақты тәрбиелесе, қариялардың ризашылығын алмағандардың сағы сынатынын ескерген екен. Бейнеткештердің зейнетақы жинағына қол салғанымыз аздай, зейнеткерлерге зейнетақысын жегізбеуіміз елдігімізге сын болар, дейді Балабиев.