Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Балам қатты ауырды: Айыпталушы Тоқтаубаев сот залында жыларман боп өз шындығын баяндады

12:20, 16 мамыр 2025 739

Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша өтіп жатқан сотта 16 мамыр күні айыпталушылардан жауап алу жалғасты.

Прокурордың сұрақтарына Азамат Тоқтаубаев жауап беріп, ол не себепті үй қамақта бола тұра, қылмыс орын алған түні көшеде, қақтығыстың дәл ортасында жүргенін түсіндірді, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Тергеу барысында прокурор айыпталушыдан оның үй қамаққа алынуына себеп болған бапты атауын сұрады. Алайда Токтаубаев бұл сұраққа жауап беруден бас тартып, оның қаралып жатқан іске қатысы жоқ екенін алға тартты.

Судья айыпталушының уәжін қолдады. Дегенмен, Токтаубаев сол түні үй қамақта бола тұра не себепті сыртқа шыққанын түсіндірді.

“2023 жылдың желтоқсанында мен бір іс бойынша күдікті деп танылып, соттың санкциясымен екі айға СИЗО-ға қамалдым. Кейін қорғаушым бұл санкцияны “үй қамаққа” ауыстыруға қол жеткізді. Жәбірленуші де менің бұл іске қатысым жоқ екенін айтқан болатын. Жаз бойы мен үй қамақта болып, белгіленген тәртіп бойынша тіркеліп отырдым”, – деді Токтаубаев.

“Сіз кешкі сағат 10-нан кейін үйде болуыңыз керек екенін, ойын-сауық орындарына баруға болмайтынын білдіңіз бе?” – деп нақтылады айыптау тарапы.

“Иә, менің бұл әрекетімді құқық бұзушылық деп санауыңызға болады. Себебі мен үй қамақ тәртібін бұзбауым керек еді. Бірақ сол түні ұлым ауырды, мен түнде үйден шығуға мәжбүр болдым”, – деп жауап берді айыпталушы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар