Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Балам өте мейірімді, бетке ұстар азамат еді»: Жоғалған тікұшақта болған сарбаздың анасы баласы жайлы айтты (ВИДЕО)

19:34, 28 шілде 2025 1190

Сорбұлаққа құлаған тікұшақта болған сарбаздардың бірі – Бахтияр Ержігітовтің анасы ұлын табуға үмітпен қарап, оны әлі де іздеуде, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Алматы облысындағы Сорбұлақ су қоймасы маңында жоғалып кеткен әскери тікұшақты іздеу жұмыстары жалғасуда.

Үміт пен алаң аралас сезіммен сарбаздың анасы күн-түн демей сол маңда жүр. Жоғалған үш әскери қызметкердің бірі – 32 жастағы Бахтияр Ержігітов.

Skiknews.kz сайтының хабарлауынша, сарбаз Павлодар облысында дүниеге келген, отбасындағы жалғыз ұл, үйінің арқа сүйері. Бахтияр – екі баланың әкесі: төрт жастағы ұлы мен екі жасар қызы бар. Сарбаздың анасы да Сорбұлаққа жетіп, баласын іздеп жүргендердің қатарында. Ол ауыр да күйзелісті сәтті көз жасын тыя алмай еске алды:

"Не айтарымды білмеймін… Жүрегімді ауыртқан суық хабар жетті. Шымкенттен балам іссапардан қайтып келе жатқан. Қасындағы екі жауынгер – өзі секілді сарбаздар. Мен Ержігітов Бахтиярдың анасымын. Балам өте мейірімді, кең пейілді, жаны таза, жаныңды ұғар қамқор еді. Үйдің бетке ұстар азаматы болатын. 25-і күні хабар жетті, 26-сында бірден осында жеттім", – дейді ол көз жасына ерік беріп.

Қорғаныс министрлігі 25 шілде күні таңғы уақытта Eurocopter EC-145 үлгісіндегі әскери тікұшақпен байланыс кенеттен үзіліп кеткенін хабарлады. Қазіргі таңда іздеу шаралары тәулік бойы жүргізілуде – әуеде де, құрлықта да, су астында да белсенді іздестіру жалғасып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар