Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова өзінің туған күнін жақындарының ортасында атап өтті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Өнер иесінің қызы Мерей Заманбекқызы анасын туған күнімен құттықтап, ақжарма тілегін арнады.
"Жаным мамам, әрқашан сенің қасыңдамын. Сен де менің қасымда жүре бер. Ертең Алла қаласа мен де күйеуге шығып, бала туып, сен де соған куә болып жүре бер. Қастарында әдемі әжесі болып жүре бер. Соған өте қатты қуанамын. Өзімнің қалайтын болашағым. Сені қатты жақсы көремін. Сендей ана берген Алла тағалаға мың алғыс", - деді Мерей Заманбекқызы.
Желі қолданушылары Мерейге риза болып, ізгі тілектерін арнады.
“Мерейдің тілегіне біз де қосыламыз. Асыл арманы орындалып, бір басы екеу болып, сізді қуанта берсін, Мақпал әпке", "Мерейіңіздің ақ тілегі қабыл болсын! Той тойға ұлассын", "Тездетіп сол күнге жетуді Алла нәсіп етсін", “Мерей өте ақылды қыз. Мақпал апайдың тәрбиесі деп білемін. Жүрегі кең, қарапайым, ақылды, мейірімді екені көрініп тұр. Бағың ашылсын", - деп жазды желі қолданушылары.