Актер Дәурен Айдарқұлов журналист Аман Тасығанға сұхбат беріп, жеке өмірі жайлы ашып айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Өнер иесінің айтуынша, әнші Ақбота-Нұр Сейітмағамбетпен ортақ балалалары ата-әжесінің қолында тәрбиеленіп жатыр.
"Ақботадан туылған екі баламыз бастапқыда анасымен бірге тұрған. Бірақ Ақбота әркез сыртта жүреді. Күтушімен тұру бала үшін қиындау. Нағыз туған-туыстың махаббатын сезе алмайды. Менің анам үш баламды да тәрбиелеген. Ақбота екеуміз басымызды қосып, сондай шешімге келдік. Балалар ата-әжесімен, менің қарындасыммен тұрсын дедік. Ақботаның тұратын үйі бізден алыс емес. Сол кебепті үнемі араласып отырады. Ол жағынан ешқандай мәселе жоқ", - деді актер.