Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Балаларға қыстық күрте, аяқ-киім алып беріпті»: Атыраудағы трагедияға күдікті күйеу балаға қатысты ел естімеген ақпарат мәлім болды (ВИДЕО)

10:56, 11 ақпан 2026

Атырау облысында хабар-ошарсыз жоғалған отбасының ісіне қатысты жаңа мән-жайлар анықталды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

«Qazaq Airan» YouTube арнасы бұған дейін эфирге шықпаған тың деректерді жариялады. Бұған дейін түсірілім тобы Атырау өңіріне арнайы барып, іздеуде жүрген күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевтің туыстарымен кездескен болатын. Сол кездегі сұхбаттың кадр сыртында қалған маңызды бөліктері енді ғана көпшілік назарына ұсынылып отыр.

Күдіктінің әкесі осыған дейін беймәлім болған ақпараттармен бөлісті. Оның айтуынша, ұлымен байланыс өте сирек болған және көп жағдайда үзіліп отырған.

«Анасымен сөйлесіп жүретін шығар… Ал мен өзім сирек сөйлесемін. Маған да көп телефон соқпайды. 30 қарашада келіп, екі үлкен баланы алып кеткен екен. Балаларға қыстық күрте, аяқ-киім алып беріпті дейді. Мен өз көзіммен көрген жоқпын. Кейін екі баласын таксиге отырғызып, үйіне жіберген. Содан кейін мүлде хабарласпады», – деді Сұлтанның әкесі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар