Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Балалардың несібесін жеген". Жамбылда балабақша басшысының 45,2 млн теңге жымқырғаны хабарланды

11:01, 18 сәуір 2025 176

Қордай ауданының прокуратурасы балабақша қаражатының қолды болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды  Alash.kz.

Мектепке дейінгі мекемеге бөлінген 45,2 млн теңге көлеміндегі  қаражатты жымқыру фактісі анықалды.

Балабақша басшылығы мектепке дейінгі ұйымға мүлде бармаған балалардың есебінен заңсыз қаражат алып отырған.

2025 жылғы 11 наурызда ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру фактісі аудан прокуратурасында қаралып, Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2)-тармағымен тіркелді.

Тергеп-тексеру Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департаментіне тапсырылды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар