Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен отбасы жайлы жаңа дерек жарияланды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Оқиғанын мән-жайын анықтау үшін арнайы Атырауға барып, зерттеу жүргізген журналист Руслан Өтепбай күдікті деп танылған Сұлтан Сәрсемалиевтің баласының әкесіне жазған аудиохатын желідегі парақшасында жариялады.
"Бұл аудионы күдіктінің баласы әкесі Сұлтанға жіберген. Соңғы рет балалар әкесімен желтоқсанның 11-күні сөйлесіпті. Ал құқық қорғаушылардың айтуынша ерлі-зайыпты Индонезияда жүр. Журналистік зерттеудің жалғасын бүгін 20:50-де Еуразия арнасынан көре аласыздар!", - деп жазды журналист.