Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бала саудалаған Эпштейн арқылы танысқан»: Трамптың жеке өміріне қатысты тың ақпарат жария болды

15:12, 04 ақпан 2026

АҚШ Әділет министрлігі жариялаған жаңа құжаттар Дональд Трамп пен оның жұбайы Меланияның таныстығына қатысты әлем күтпеген деректерді ашты, деп жазады Alash.kz. 

Ресми материалдарға сүйенсек, ерлі-зайыптыны «кәмелетке толмағандарды саудалады» деп айыпталған Джеффри Эпштейн таныстырған көрінеді.

Бұл ақпарат ФБР жүргізген тергеу кезінде Эпштейннің бұрынғы көмекшісі берген көрсетпелерден белгілі болған. Ол 2019 жылғы жауап алу барысында Трамп пен Меланияның алғашқы кездесуін ұйымдастыруға Эпштейннің тікелей қатысы болғанын алға тартқан.

Сондай-ақ құжаттарда куәгер ретінде сөйлеген бұл әйелдің 2005-2006 жылдары Эпштейнмен қызметтес болғаны және оған дейін модельдік салада еңбек еткені нақтыланған. Қазіргі таңда бұл мәліметтер АҚШ-тың құқық қорғау органдары таратқан ресми айғақтар қатарында қарастырылып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар