Әзербайжандағы Агджабеди ауданына қарасты Хиндарх ауылындағы үйлердің бірінде қол гранатасының жарылып, бүтін бір отбасы қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz порталы trend.az сайтына сілтеме жасап.
Елдегі БАҚ мәліметінше, бала қоқыс алаңынан оқ-дәріні тауып алған. Кейін оны аңғалдықпен үйіне апарған.
Бала гранатаны отбасы мүшелеріне берген сәтте жарылыс механизмі іске қосылып, дүмпу болған. Салдарынан бір отбасының бес мүшесі қаза тапты, ал екеуі жарақат алды. Қаза тапқандардың үшеуі – бала.
Әзербайжанның Бас прокуратурасы бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.