Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Байлығына кепілдік сұрап барды ма? Пана іздеп барды ма?”: Мәжіліс депутаты Путинмен кездескен Назарбаевты сынға алды (ВИДЕО)

11:35, 30 желтоқсан 2025

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай   Назарбаев пен Путиннің кездесуі туралы өз пікірін білдірді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

”Нұрсұлтан Назарбаевтың кешегі Кремльге барып, Путинмен кездескені қоғамда қызу талқыланып жатыр. Комментарийді қараған шығарсыздар? Бірде-бір позитивті пікір жоқ. Қазіргі геосаяси жағдайды біліп отырсыз. Қоғамдағы көңіл-күйді Назарбаевтың өзі жақсы біліп отыр деп ойлаймын.

Ол не үшін барды? Пана іздеп барды ма? Жеке қаржы активтерін сақтап қалуға кепілдік сұрап барды ма? Жеке қауіпсіздік мәселесі ме? Ең қызығы, біз жыл бойы елдің ішінде Назарбаевты ешқандай іс-шарадан көрмейміз. Бірақ жылдың соңында жылт етіп Кремльде отырады. Бір емес, екі емес, үш емес… Жылдағы жағдай осылай қайталанып жатыр. Бұл дегеніміз не? Бұл - қоғамдық мүддені елемеу. Не болмаса “маған бәрібір” деген түсінік. Не болмаса билікте ұзақ отырып қалған адамның шындықтан алыстап кетуі. Немесе “мен әлі де маңызды адаммын” деген ішкі сезім. Бірақ бұл сигналдардың ешқайсысы да біздің қоғамда қабылданбайды. Сондықтан Назарбаевтың Ресейге барған сапарлары автоматты түрде біздің қоғамда жеке мүдде призмасы түрінен ғана қаралады. Ол елдік мәселемен барды дегенге ешкім сенбейді”,- деді Мақсат Толықбай.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар