Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Байден қуықасты безінің қатерлі ісігіне шалдықты

14:24, 19 мамыр 2025 96
АҚШ-тың бұрынғы президенті, 82 жастағы Джо Байден қуықасты безінің қатерлі ісігіне шалдыққан, дәрігерлер обыр асқынып, сүйекке шапқан деген диагноз қойған.
 
Бұл ақпаратты экс-президенттің кеңсесінің мәлімдемесіне сүйеніп, Батыс басылымдары хабарлады, деп жазады Alash.KZ.

Байденге әлгіндей диагноз 16 мамыр күні қойылған. Мәлімдемеде бұрынғы президент пен оның отбасы қазір дәрігерлермен бірге ем-дом жолдарын қарастырып жатқаны айтылған деп хабарлады шетелдік ақпарат агенттіктері.

"Бұл осы дерттің неғұрлым агрессивті түрі болғанымен, обыр гормондарға сезімтал сияқты болып көрінеді, бұл оны тиімді емдеуге мүмкіндік береді", — делінген мәлімдемеде.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар