Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бай балаларының "ермегі". Сенатор айыппұлды арттырудың себебін түсіндірді (Видео)

16:16, 20 ақпан 2025 551

Сенатор Марат Қожаев өзінің депутаттық сауалында неліктен жол ережесін жиі бұзатындарға айыппұл көлемін көбейту мен 50 пайыз жеңілдікті алып тастауға қатысты ұсынысын журналистерге түсіндірді, деп жазады Alash.KZ.

Журналистерге берген сұхбатында сенатор:

"Қаңтар айында Алматы қаласында болғанымызда, мәселелермен таныстық. Сонда көз жеткізгеніміз - көліктеріне қымбат нөмір таққан ондаған жас жігіттер айыппұл төлеуді күнделікті шығынға айналдырып алғандарына көз жеткіздік. Жол ережесін бұзуды, көлікті қатты жүргізуді күнделікті әдетке айналдырып алған. Бірақ оларға айыппұлдан басқа ешқандай жаза қолданылмайды екен. Біздің заң бойынша солай. Ал штрапты тезірек төлесеңіз, 50% қана төлейсіз. Қарапайым халыққа 14 мың теңге тәуір шығын болса, оларға 7 мың теңгені төлеу күнделікті майда-шүйде шығынға айналып кеткен. Сондықтан оларға басқа штрап қолдану керек. Оларды да тәртіпке тарту керек қой" дейді, Марат Қожаев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар