Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Бағытынан адасып, жоғалып кеткен”: Жетісу облысында жоғалған балықшы аман-есен табылды (ВИДЕО)

09:17, 06 сәуір 2026

Жетісу облысында жоғалған балықшы аман-есен табылды, деп жазады Alash.kz.

ТЖМ хабарлауынша, Жетісу облысы Сарқан ауданында, Лепсі ауылынан шамамен 100 шақырым қашықтықта, Аягөз өзені бойында жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары нәтижесінде 1969 жылы туған азамат табылды.

Аталған азамат 3 сәуір күні достарымен бірге балық аулауға шығып, бағытынан адасып, жоғалып кеткен. Түнгі уақытта бағдарын жоғалтып алған. Іздестіру барысында оның басқа балықшыларға жақын жерде болғаны анықталды. Оның екі досы өздігімен үйлеріне қайтып кеткен.

Іздеу жұмыстарына ТЖД күштері мен құралдары, сондай-ақ ПД мен туысқандары жұмылдырылды.

Құтқарылған азаматтың жағдайы қалыпты. Медициналық көмек қажет болмады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар