Ұялы байланыс операторлары келесі айда тарифті өсіреді, деп жазады Alash.KZ.
Шамамен, 1000 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Бұл шешімді желіні жаңғырту әрі кеңейтумен, ондағы қызмет көрсету шығындарының артуымен түсіндіріп отыр. Сондай-ақ, жабдықты жаңарту және ұлттық валютаның құбылмалылығы да әсер еткен.
Есіңізде болса, өткен жылдың соңында операторлар тарифті өсірмейтінін хабарлаған-ды. Ол кезде министрлік мереке қарсаңында халықтың көңіл-күйін түсірмеу үшін уақытша келісімге келген көрінеді.
Енді «баға саясатына араласа алмаймыз» деген шенеуніктер төртінші компанияны нарыққа тартып көрмекші, деп хабарлады "Атамекен бизнес" арнасы.