Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Әзірбайжанда жүр". Украина президенті Владимир Зеленский жайлы тың дерек шықты

11:21, 25 сәуір 2026

Украина президенті Владимир Зеленский Әзірбайжанға барғаны туралы ақпарат тарады. Бұл жөнінде AFP агенттігіне сілтеме жасаған дереккөз хабарлады, деп жазды Alash.KZ.

Агенттікке аты-жөнін атамаған жоғары лауазымды украин шенеунігі «біз Әзербайжанға қондық» деп мәлімдеген. Оның айтуынша, сапардың негізгі мақсаты – қауіпсіздік және энергетика салаларындағы ынтымақтастықты күшейту, сондай-ақ өзара үйлестіру мәселелерін талқылау. Алайда бұл сапар әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.

Бұған дейін Владимир Зеленский жұма күні Сауд Арабиясында болып, елдің іс жүзіндегі басшысы саналатын мұрагер ханзада Мұхаммед бин Салманмен кездескен. Ол бұл келіссөздерді «өте нәтижелі» деп бағалап, қауіпсіздік, әсіресе әуе қорғанысы мүмкіндіктері, сондай-ақ энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері қозғалғанын айтқан.

Айта кетейік, Әзербайжан 2022 жылдан бері Украинаға саяси тұрғыда қолдау білдіріп, гуманитарлық көмек көрсетіп келеді. Дегенмен, ел басшылығының Ресеймен тығыз байланысы сақталып отыр. Сонымен қатар, Әзербайжан Ресей үшін санкцияларды айналып өтуде маңызды бағыттардың бірі ретінде қарастырылады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар